25
ақпан
2026
«Анама сыйлық» мектепалды "Қарлығаш"тобы

Балалардың анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, құрмет сезімін тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатын да. Мектепалды «Қарлығаш»тобының тәрбиеленушілері өз қолдарымен аналарға арналған сыйлықтар дайындады. Түрлі-түсті қағаздардан себет жасап, гүл шоқтарын құрастырды. Әр бала өзінің шынайы тілегін, мейірімін және алғысын шығармашылық жұмысы арқылы жеткізе білді.
Тәрбиешілер балаларға ананың қадірі мен отбасы құндылықтары туралы әңгімелеп, мейірімділік пен қамқорлықтың маңызын түсіндірді.
Балалардың жүзіндегі қуаныш пен мақтаныш сезімі – іс-шараның басты жетістігі болды. «Анама сыйлық» мерекелік шарасы бүлдіршіндердің жүрегіндегі анаға деген ыстық ықыласты арттырып, отбасы құндылықтарын нығайтуға өз үлесін қосты.
Балабақша ұжымы барлық аналарды мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт пен шаттық тілейді!