Ертеңгілік "Жүректің жылуын сыйлашы анам"
Бүлдіршіндер ертеңгілік барысында өлең оқу,ән айту,би билеуге талпынып шығармашылық өнерлерін көрсетті.
Мейрам күндері балалар үшін жан тербентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көрністердің қызықты бір әлемі.Сондықтан мейрам күндерді балабақшаның әрбір тәрбиеленушілері асыға күтеді. Өз өнерлерін жолдастарына, тәрбиешісі мен ата-аналарына көрсетеді.Мерекелік ертеңгіліктердің барлық түрлері ( ән салу,музыка ырғағымен қимылдар жасау, музыка аспаптарында ойнау, ертегі қойылымдарын сомдау) балаларды музыка сүие білуге баулудың ерекешеліктері бар. Осы жағынан алғанда, жас жеткіншіктерді тәрбиелеп, оларды жан- жақты дамытып, жетілдіруге мерекелік күннің үлесі зор.
Балалар аталған мерекеде өнерлерін өрнектеп ортаға салды.
Педагог сценаридің мазмұнын тақырыпқа сәйкес терең ашып құрған.
Топты мереке тақырыбына сай безендірілген. Шарлар мен түрлі ленталар және шоқ гүлдермен әшекейленген. Мазмұнды суреттер жапсырылған.
Ертеңгіліктің мазмұнына үлкен кісілердің,балалардың айтатын сөздері және орындалу реті жоспарланған. Тақпақтар айту, ән орындау, би билеу сияқты көңілді ойындарды алмастыра отырып, жүйелі өткізді. Ертеңгілік кезінде балалардың қысылмай еркін отырып-тұруы олардың көңілді болуына мүмкіндіктер жасалған. Педагог әр балаға көпшіліктен орын тауып беруді ойластырған.Ертеңгілікте балалардың толық қатысуын қамтамасыз етті. Ертеңгілік кезінде ойындарды ұйымдастыруға қажетті атрибуттарды алдын- ала дайындаған.Үлкен топтың балалары қойылымдарды сомдап, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсті. Диалог құрды.«Әжесі мен немересі» сахналық қойылым көрсетілді.Сахнаны бағдарлай білді.Ертеңгілікте музыкалық ойындармен қатар, күтпеген жерден басталып кететін ғажайып сәттермен жалғасты. Көктем аруы келіп, көрермендер мен ата-аналарды мерекелермен құттықтап, түрлі ойындарға қатыстырды. «Шарға ананың суретін сал». «Анама кір жуып көмектесемін» Ертеңгілікті әрі қарай жалғастырып балалармен бірге би билеп, өлең айтты. Әрине балалар өздерін ертегідей сезінді, әсерлі көңіл- күй орнады.Балалар өз өнерлерін аяқтаған соң,аналарына қағаздардан қиып жасаған түрлі сыйлықтарын тапсырды.