Қимылды ойындар » ГККП "Ясли сад №126"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№126 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 224-55-26
Әдіскер:
+7(727) 224-55-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қараша
2020

Қимылды ойындар

Ересек «Жұлдыз»      тобының ұйымдастырылған ашық оқу-қызметінің жоспары

Күні: 12.11.2020ж

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Тақырыбы: «Қимылды ойындар»

Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Қимылды ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту. 

 Көрнекіліктер: кішкене доптар, себеттер, шарлар,  кубиктер, таяқшалар, шығыршықтар, кедергілер,кеглилер.

1. Ұйымдастыру бөлімі:

Тәрбиеші:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Бүгінгі ашық оқу қызметіне дайынбыз ба?

 Олай болса көтеріңкі көңіл-күймен шаттық шеңбер жасап, келген қонақтармен амандасып алайық!

Шаттық шеңбер: (Балалар хормен айтады)

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз,

Қонақтармен ең алғаш

Амандасып аламыз! Сәлеметсіздер ме!

Тәрбиеші:                            

-Балалар, бүгін біз Денсаулық саласы, бойынша Серуен «Қимылды ойындар» атты тақырыпқа тоқталып, бірнеше қимылды ойындарды ойнап көрсететін боламыз. Алдымен қимылды ойындар туралы мәліметтер айтып берейін, сосын айналамызға зер салып табиғатты бақылап алайық!

Балалар біз қимылды ойындар туралы қысқаша мәліметтер білдік, енді ойын ойнап көрсетейік! Ойынымызды бастамас бұрын денемізді қыздырып алайық! (Балалар қатармен жүріп дене қыздыру, тыныс алу жаттығуларын жасайды.)

2. Негізгі бөлім:

Тәрбиеші: 

- Ал енді ойынымызды бастайық!

1. «Кім епті?» ойыны.

Ойын шарты: Екі қолға допты қысып , кеглилердің арасымен өтіп, межені айналып, қайтарда жүгірп келу. – Бәркелді балалар не деген шапшаңсыңдар.!

2. «Тез ал,тез орнына қой!» ойыны.

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, еденге орналасқан ұяшықтарға текшелерді бірінші ойыншы қойып   шығады,екінші ойыншы себетке жинап шығады. Осылай екі команда жарысады.

3. «Қасқыр мен қояндар» ойыны

Ойынның мақсаты: Балалардың кеңістіктегі берілген белгі бойынша жылдам қимылдау, ептілік, батылдық сияқты қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Ойнаушы балалар қоян секілді секіріп жүреді. Біраз уақыттан кейін қасқыр шығып, қояндарды қуады. Ұсталған бала тақпақ айтып айбын өтейді 

Ахметали:

  Қол ұстасып бәріміз

Үй маңында дөңге кеп,

Шалқып шаттық әніміз

Тұра қалдық дөңгелеп.

Ескендір:

Қол ұстасып тұрыстық

Дөңгеленіп айналып.

Екілене қуысып,

«Мысық-тышқан» ойнадық.

Сағадат:

Кел, балалар келіңдер!

Бірің шеттеп тыс қалма.

Ойын ойнап көріңдер,

Аты: «Ұзын ба, қысқа ма?»

Алихан:

Спорт сенің серігің 

Жанға дауа, қолға күш.

Сергітетін адамды 

Қимыл менен қозғалыс

4. Жай қимылды ойын: «Теңіз толқиды»

Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады.Тәрбиеші теңіз толқиды 1-2-3 дегенде балалар әртүрлі пішін жасап қатып тұра қалады.Қозғалып  қойған бала ойыннан шығады.

3. Қорытынды бөлім:

Тәрбиеші: 

  • Балалар, бүгін қандай ойындар ойнадық,кім атап береді?
  • Сендерге қай ойын ұнады?
  • Ойында кімдер белсенділік көрсетіп,жеңіске жетті?

     Жарайсындар балалар! Әрқашан биіктерден көрне беріңдер. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив