Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
«Ұйқыдан кейінгі жаттығулар»
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, дене бітімін жақсарту, балалардың арқасындағы, қолындағы, табанындағы нүктелерді оятуға арналған ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдың іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. Балалардың дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына, қан айналымының жақсартуына, көздерін дем алтуға, балалардың арқалары, қолдарындағы, табандарындағы нүктелерді оятуға арналған жаттығуларды жасату. Суық тиюге және майтабанға қарсы жаттығулар жасау арқылы балалардың денсаулығын нығайту, дене сымбатын жетілдіру, қимыл - қозғалыс дағдыларын дамыту. Балалардың көңіл - күйін көтеру, мәдени - гигиеналық талаптарды орындау, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: Тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту, дене бітімін дұрыс қалыптастыру, майтабандылықты болдырмау, омыртқаның дұрыс қатаюын қадағалау, балалардың денсаулығына пайдалы денені шынықтырудың түрін күнделікті ұйқыдан тұрғанда қолдану.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету., жаттығулар жасату
Көрнекіліктер: Түймелі жолдар, тасты жолдар , денсаулық кілемшілері, табандар, тұзды су, сүлгілер.
Баяу әуен қосылып тұрады. Балаларды жайлап ояту
Тәрбиеші:
Көзімізді ашайық,
Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық,
Жаттығулар жасайық.
Төсек үсті жаттығулары:
1. Балалар төсекте жатып, бастарын оңға, солға бұрады.(3-4 рет)
2. Балалар төсекте жатып, қолды екі жаққа созу, жұдырықтап жұму.(3-4 рет)
3. «Велосипед»жаттығуы.Балалар төсекте жатып, аяқтарын бүгіп,созып велосипед тебеді.(1-2 минут)
4. «Кемпірқосақ» жаттығуы.Балалар арқамен жатып,ауада аяқтарымен кемпірқосақ салады.(7-8 рет)
5. «Көңілді мысық» жаттығуы.Мысық болып керіліп,жаттығулар жасау.(4-5 рет)
6. «Ашулы мысық» жаттығуы. Мысықтың дөңайбат қимылына ұқсап жаттығулар жасау.
Төсектерінен тұрып бәрі мына өлең шумағын айтады:
Әдемі жолдармен
Жалаң аяқ жүреміз.
Табанға нүктелі
Массаж жасау білеміз.
Осыдан соң балалар ұйқыдан кейінгі сауықтыру- шынықтыру жаттығуларын жалғастырады.
Қол, алақан жаттығуы мен майтабандылықтың аллдын алу жаттығулары:
1.Қолдың саусақтарын біріктіре кигізіп отырып ары-бері айландыру.
2. Қолға массаж жасап, қолдарына тікенекті допты ары- бері аунатады.
3.Табанға массаж жасап, түймелі жолдармен жүру.
4.Табанға массаж жасап тікенекті жолдармен жүру.
5.Табанға массаж жасап тастақты жолдармен жүру.
6.Табанға массаж жасап нүктелі-кедірлі жолдармен жүру.
7.Тұзды сулы орамалмен жүріп өту.
8. Табанға жайлылық беретін жұмсақ жолмен жүру.
Тұмаумен ауырмау үшін тыныс жолдары, мұрын, құлақ жаттығулары:
1.Екі саусақтың көмегімен мұрынның екі жағын уқалау
2.Екі қолдарымен шекелерін уқалау
3.Екі қолдарымен құлақтың ұшын уқалау.
4.Екі қолдарымен тамақтарын уқалау.
5. Екі иықтарын жоғары- төмен көтеріп,түсіру арқылы өкпеге жаттығу жасау,қан
айналымдарын жақсарту.
6.Су құйылған бөтелкені трубочкамен үрлеу.
Ауыз қуысын тұзды сумен шаю
Жаттығу аяқталғаннан кейін балалар мына өлең жолын айтады:
Ұйқыдан тұрып осылай,
Жаттығулар жасайық.
Денсаулықты түзейік
Жалқаулықтан қашайық.