«Отан қорғаушылар күні» ертеңгілігі



ПРЕСС-РЕЛИЗ
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай балабақшамызда «Ерлік – елге мұра» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – балаларға Отанды сүюге, елін қорғаған батырларды құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Мерекелік бағдарлама барысында тәрбиеленушілер Отан, ерлік және батырлық туралы тақпақтар оқып, әндер орындады. Ұл балалар әскери бағыттағы эстафеталық ойындарға қатысып, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті. Сонымен қатар сахналық көріністер қойылып, батырлар туралы мағлұматтар берілді.
Іс-шараға ата-аналар мен балабақша ұжымы қатысып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекеде ел тыныштығын қорғап жүрген азаматтарға құрмет көрсетіліп, бейбіт өмірдің маңызы насихатталды.
«Отан қорғаушылар күні» мерекесі жас ұрпақтың бойында елжандылық пен батылдық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тағылымды шара болды.