«Отан қорғаушылар күні» ертеңгілігі
Іс-шараның мақсаты – балаларға Отанды сүюге, елін қорғаған батырларды құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Мерекелік бағдарлама барысында тәрбиеленушілер Отан, ерлік және батырлық туралы тақпақтар оқып, әндер орындады. Ұл балалар әскери бағыттағы эстафеталық ойындарға қатысып, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті. Сонымен қатар сахналық көріністер қойылып, батырлар туралы мағлұматтар берілді.