25-қазан Республика күні!
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Тақырыбы: «25- қазан Республика»
Өткізілген орны: КМҚК №126 бөбекжай- балабақшасы
Күні: 23 қазан 2025 жыл
Бүгін КМҚК №126 бөбекжай-балабақшасында 25 қазан Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты – балаларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігі туралы түсінік беру, туған елге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, патриоттық рухты арттыру.
Мереке барысында тәрбиеленушілер «Тәуелсіз ел ұланым», «Отаным», «Сен дегенде Қазақстан» атты әндерді орындай отыра, балалардың бойында патриоттық сезім күшейіп,өз елін,жерін сүюге,қорғауға деген ұмтылыс қалыптасты.Іс-шарамызда «Дастархан», «Рәміздер», «Күн сәулелі туған өлкем» би өнері арқылы Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілікті,ұлттық рухты,бірлік пен татулық сезімін оятты. Іс-шара барысын да тәрбиеленушілер қазақтың ұлттық ойындарының бірі: «Арқан тартыс», «Күш сынасу» ойындарын ойнап,өздерінің ептіліктермен ұйымшылдығын көрсетті.Балалар ұлттық ойынды құрметтеп,бір-біріне қолдау білдіруді үйренді. «Менің Отаным – Қазақстан» атты тақырыптық сурет көрмесі ұйымдастырылып,қолдан жасалған бұйымдармен, қолөнер туындылары қойылды. Әр топ өз шығармашылық жұмыстарын таныстырды.
Іс-шара соңында тәрбиешілер балаларға ел рәміздері мен мемлекет тарихы туралы қызықты деректер айтып, «Біздің еліміз – бақыт мекені» атты ойын түріндегі әңгіме өткізді.
Мұндай шаралар балалардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға, өз елінің тарихын құрметтеуге және бірлік пен достықтың маңызын түсінуге ықпал етеді.



