28
мамыр
2026
Қош бол,балабақшам! Мектепалды "Қарлығаш"тобы






ПРЕСС-РЕЛИЗ
КМҚК №126 бөбекжай-балабақшасын да «Қош бол, балабақша!» мерекелік ертеңгілігі өтті.Мерекелік кеш барысында тәрбиеленушілер ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Балалардың қуанышы мен толқынысы, ата-аналардың ыстық ықыласы кештің ерекше әсерлі өтуіне себеп болды.Іс-шара барысында бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, тәрбиелеп өсірген тәрбиешілер мен ата-аналарға алғыс білдірілді. Балабақша қабырғасында алған тәлім мен тәрбиенің әр бала өмірінде ерекше орын алатыны айтылды.Осындай әсерлі кеш арқылы бүлдіршіндер балабақшамен қимай қоштасып, үлкен өмірге алғашқы қадамдарын жасады.Болашақ мектеп оқушыларына сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз!