Қош келдің, Жаңа жыл!
Тақырыбы: Қош келдің жаңа-жыл!
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Әндер, билер арқылы балалардың өнерге талпындыр, мереклік көңіл күй орнату, достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.
Мерекеге балалар әр түрлі карнавалдық киімдермен келді. Мерекені «Шырша жыры» әнімен бастап, шыршаның шамдарын жақты. Мерекені әдеттегідей аяз ата ақшақармен бірге өткізді. Мектепалды «Қарлығаш» тобында кейіпкер Мыстан кемпірде қатысты. Ол Аяз ата мен ақшақарды қамап қо»йып кілті тығып койған. Енді балалар тапсырмаларын Аяз ата мен Ақшақарды босату үшін мыстан кемпірддің тапсырмаларын орындап өнерлерін көрсетті. Мекреке соңы татулық пен мейірімділік жеңіп балалар қуанып тарқасты.
Жаңа жылдық кеш «Мысықтар», «Аяз-ата»,«Ақшақар»билерімен жалғасты.
Кіші «Балдырған» тобында қоян, аю,түлкі қонаққа келіп балалармен бірге ойын ойнап, би де биледі. Ақшақармен «қар жинау» ойындарын ойнады.
Ата-аналар балалардың тақпақтарын тыңдап, билерін көріп ризашылықтарын білдіріп кайтты.