"Құтты болсын,Жаңа жылІ" » ГККП "Ясли сад №126"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№126 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 224-55-26
Әдіскер:
+7(727) 224-55-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Құтты болсын,Жаңа жылІ"
26
желтоқсан
2023

"Құтты болсын,Жаңа жылІ"

Ме


Мереке сценарийін топ тәрбиешілері музыка жетекшісімен бірге құрастырды. Атрибуттарды, костюмдерді дайындауға, музыка залын безендіруге ата-аналарды тартты. Ата-аналарда мереке қарсаңында дайындық жұмыстарына  қатысып белсенділік танытты.

Мереке бағдарламасында түрлі әрекеттер үйлестірілді.(топтық және жеке орындау, ертегілерді сахналау, би билеу, ойындар, конкурстар ұйымдастыру және т.б.)

   «Жұлдыз» ересек тобында ертегі кейіпкері мыстан кемпір кіріп, балаларды алдап сыйлықтарын алмақшы болды. Мыстан кемпірдің қулығына аяз атамен Ақшақар келіп тосқауыл болды. Өзінің жоспарын іске асыра алмаған Мыстан кемпір ойын сауықты бірге тамашалауға келіседі.  Ақшақар бірге «Ұлпақарлар» биін биледі. 

Балалар аяз-атамен  көңілді ойын ойнап, жұмбақтарда шешті.Ұлдар «Аққала» биледі.     Мереке соңын «Аяз ата» әнімен аяқтады.

Мектепалды даярлық «Қарлығаш» топ бүлдіршіндері мерекені «Келді міне жаңа жыл» әнімен бастады. Мереке барысында мыстан кемпір мен сиқыршының түрлі   айласына тап болған балалар оны қалай жеңіп шықан хикаяларды көрсетті. Музыкалық ойындар және ән жырлармен өрнектеп өнерлерін ортаға салды. Ұлдар «Ержегейлер», 

ал қыздар «Ұлпақарлар» биін биледі.

Балалар Аяз атамен бірге «Сиқырлы тақия ойынына» қызығушылықпен қатысып жылдамдықта мен шапшаңдықтарын көрсетті.


Кіші «Балдырған» тобында бүлдіршіндерге   ертегі кейіпкерлері қонаққа келді.Қоянмен бірге «Қояндар» биін билесе,Аюмен бірге  «Аққала» ойынын ойнап мәз болды.

   Ортаңғы «Көгершін» тобының жаңа жылға арналған мерекесі де әсерлі өтті. Балалар мерекеге қызығушылыкпен қатысып жаттаған тақпақтарын айтты.Шыршаны айналып «Шырша» әнін шырқады.Қояндармен бірге   билеген соң оларға сәбізден сыйлықтар табыстады. Аюмен бірге «Қар атысу»ойынын  ойнады. Аюды да құры қол жібермей оған кәмпиттен сыйлық берді.Орман аңдарымен  бірге «Аңдар» биін биледі.Орман қонақтары ризашылықтарын білдіріп жақсы лебіздерін айтты.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив