13
желтоқсан
2022
Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын бала бойына сіңіру бойынша міндеттерді іске асыру , семинар-практикум
Халқымыздың дәстүрлі тұрмысында жүннен бұйымдар жасау алдынғы орында тұр. Төрт түлік малдың жүнінен бұйымдар жасау қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарды. Оның ішінде қойдың жүні көп қолданылады.Ұйымдастырылған семинарда балалар жүнді әр түсті бояулармен бояп, олардан сырмақ жасап көрсетті.Сырмақтағы оюлардың ішін жүндермен әдемілеп толтырды. Олар қошқар мүйізбен сырмақтың ортасын әшекейлесе, шеттерін басқа оюлармен көмекерді. Басқа топ балалары қиылған оюлармен сырмақты әшекейлеп тікті.Балалар жұмысқа қызығушылық танытты. Біткен жұмыстарына көріп басқалармен бөлісе білді.