Семинар -практикум » ГККП "Ясли сад №126"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№126 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 224-55-26
Әдіскер:
+7(727) 224-55-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сәуір
2021

Семинар -практикум

Балабақшада  «Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда  ойын әрекеттерін қолдану» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды. Танымдық іс-әрекеттер ұйымдастырылған оқу қызметтері арқылы жүзеге асырылды. Балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен танымдық қабілеттерін  дамытудың түрлі жолдарын қарастырдық.

Ортаңғы «Көгершін» тобы «Сиқырлы тастар»

Оқу қызмет барысында   тәжірбие жұмыстар   жүргізілді.Ортаңғы «Көгершін» тобында әр түрлі  тастардың көлемі мен пішіні  және олардың пайдасын айтып  түсіндірді

1ші тәжірбие: Тас пен поролонды суға батырып көрді. Ауыр және жеңіл деген ұғымдар алды.

2 ші тәжірбие: Тастың қаттылығын анықтау.

Ермексаз бен тасты алып мыжып көрді. Қатты және жұмсақ деген ұғым қалыптастырды.

Ересек «Жұлдыз» тобы  «Түрлі түсі су»

1-тәжірибе:Судың қасиетін анықтау.
 Су сұйық зат.
Су құйылады.Су-бұл сұйықтық, ол ағады, оны құюға болады.Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға болады. Балалар  суды бір ыдыстан басқа ыдысқа құйып көреді.3-4 балаға суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйдыру.
 Нәтиже: су – бұл сұйық нәрсе, оны құюға болады.
 2- тәжірибе: Судың күйін анықтау.

Судың сұйық күйі:

Стақанға су құямыз, яғни қалай құйсақта ол ағып кетеді, яғни ол сұйық.

Судың мұзды күйі:

Алдын ала суды қатырып қояды.Муздан түрлі-түсті моншақ жасау. (Балалар кішкене құтыларға су құйып, оны түрлі түстермен жеке-жеке бояйды. Оның устіне жіп төсеп, тоңазтқышқа салып қояды.)

Судың бу күйі:

Әйнек ыдыстағы өте жоғары температурадағы ыстық су, оның бетін жауып қойсақ біраз уақыттан соң су-буға айналады. Міне судың бу күйі деген осы. Табиғатта да осындай: күннің қатты жылынуынан өзен-көлдердегі сулар буға айналы жоғары көтеріледі, сосын бұлт пайда болып артынан жауын жауады.

Мектепке даярлы тобы «Қарлығаш» тақырыбы: «Тұздың қасиеті»

1-тәжірбие:«Тұзды суда ерітеміз»

Тәрбиеші: Тәжірибеге 2 стакан су қажет; салқын және жылы. Қай стаканда қандай су барын анықтау үшін көк сызығы бар стакандағы су салқын су, қызыл сызығы бар стакандағы су- жылы су. Әр стакандағы суға бір қасық тұз салып араластыру. (Тұзды салып араластырады, қай стакандағы тұздың тез еріп кеткенін бақылайды) 

Нәтижесінде: Салқын суда тұз жай ериді, ал жылы суда тұз тез ериді.

2-тәжірбие: тұздытүрлі-түсті түстерге бояю,олардан суреттер шығару.

Нәтижесінде: тұздың түсін өзгертуге болады, олардан бейнелер жасайды.








Похожие публикации:

22 қаңтар 2021 Ұжымдық жұмыстар
13 наурыз 2019 Ашық оқу қызметі.
13 наурыз 2019 Ашық оқу қызметі.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив