14
қазан
2025
"Күзгі асар жәрмеңкесі"
ПРЕСС-РЕЛИЗ
14 қазан да КМҚК №126 бөбекжай-балабақшасы «Күзгі асар» жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларды еңбекке, ынтымаққа, мейірімділік пен ұлттық салт-дәстүрлерге тәрбиелеу, сондай-ақ ата-ана мен балабақша арасындағы өзара байланысты нығайту.
Жәрмеңкеге тәрбиеленушілер, ата-аналар және педагогтер белсене қатысып, өз қолдарымен дайындалған күзгі өнімдер, ұлттық тағамдар, тәттілер мен қолдан жасалған бұйымдарды ұсынды. Балалар ән айтып, би билеп, тақпақтар айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Күзгі асар» жәрмеңкесі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, достық пен бірлікке баулитын тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.