21
қазан
2022
"Қыран елім Қазақстан"
Балабақшада 21 қазан күні Республика күніне орай ертеңгілік ұйымдастырылды. Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шараға ата-аналар катысты.Мерекеге дайындықпен келген балалар ұлттық киімдерін киіп әсем әуенмен залға кірді. Олар Отан туралы тақпақтарын айтып, «Қамажай», «Батырлар» биін билеп өнерлерін өрнектеп ортаға салды. Ұлттық ойындар «хан талапай», «қол күрес» ойындарын ойнады.
Ертеңгіліктің мақсаты.Отанын сүюге,туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы парасатты азамат тәрбиелеу. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екенін түсіндіре отырып мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге,қуатын арттыруға оның игілігіне абыройының өсуіне адал қызмет етуге баулу.
Ақжайық, Алтай арасы,Қазақтың шалқар даласы.
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай,
Қырманы асқар таулардай,
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан,
Қарқырар кені тастардан,
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы.




