«Отан қорғаушылар күні» ертеңгілігі
Тақырыбы: «Отан қорғаушылар күні» ертеңгілігі 06.05.2025 ж болып өтті.
9 май-халқымыз үшін қасиетті,тарихи маңызы зор күн.Бұл батыр бабаларымыздың ерлігі мен отансүйгіштігіне тағзым ететін күн.Осыған орай №126 бөбекжай балабақшасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық бағыттағы ертеңгілік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында:
Балалар Отан туралы тақпақтар айтып, би билеп,патриоттық ән шырқады.
«Жеңіс туы желбіреп», «Ел қорғауға әзірміз»,Әрқашан күн сөнбесін» әндері шырқалды,ән болашақ ұрпаққа бейбіт күннің бағасын ұғындырып,бабалар ерлігіне тағзым етуге арналған рухты әндер.
«Сарбаздар», «Бейбітшілік құсы», «Десанттар» патриоттық рухтағы хореграфиялық қойылымдар көрермендерге ұсынылды.Бұл билер батырлықты,жеңістің қуанышын бейнелейтін қойылым болды.
Ертеңгілік барысында «Хат жеткіз» ойыны ойналды.Ойын майдан даласындағы сарбаз бен оның жақындарының арасындағы рухани байланыс-хат арқылы көрніс табатыны мақсатында көрсеттік.
«Бейбіт күнге мың алғыс» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырылды.Көрме мақсаты-өскелең ұрпаққа соғыс жылдарының тарихи маңызын түсіндіру,ардагерлерге құрмет білдіріу және бейбіт өмірдің бағасын ұғындыру.
Осы орайда біз барша Ұлы Жеңіс күнінде тыл ардагерін шақырттық,Ардагер қасиетті мерекеде қонақ ретінде келіп,өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өнерін тамашалады.