«Балалықтың мекені-балабақшам, қош сау бол!»
КМҚК «№126 бөбекжай-балабақшасында» 27.05.2025ж жоспарға сай балабақшада «Балалықтың мекені-балабақшам, қош сау бол!» тақырыбынды ертеңгілік өтті. Бітіретін бала саны 24.
Ертеңгілікке балабақшамыздың ата-аналары мен тәрбиеленушілер қатысты.
Бұл ертеңгіліктің басты мақсаты – балаларды мерекелік көңіл - күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Ойындар арқылы мектепке дайындығын тексеру. Балалардың бір жылда алған білімдерін тиянақтау. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ертеңгілікті балабақша тәрбиешісі Исабаева Кенжебала Жакаевна өз құттықтау сөзімен ашып, балаларды ортаға музыкамен қошеметтеп ортаға шақырды.
Ертеңгілікте балалар мерекеге арналған тақпақтарды мәнерлеп айтып, балабақшамыздың апайларына алғыстарын өлең шумақтарымен жеткізді.
Мерекеде аю қуыршақ келіп, жақсы көңіл кдомсыйлады. Балалар аю қуыршаққа Флешмоб : «БА- ЛА- БАҚ- ША» биін билеп көрсетті.
Ертеңгілік барысында билерден «Заманауи», «Түскі ұйқы» биімен көрініс көрсету арқылы балабақшамыздағы түскі ұйқының қызықты сәттерін көрсетті. Қыздарымыз мың бұрала билеп ата-аналарымызға, әріптестерімізге жақсы көңіл-кдомсыйлады.
«Көңілді доптарды санға сәйкестендір» атты ойыны алған білімдерін көрсетті.
Ертеңгілікте «Біз мектепке барамыз», «Тәрбиеші бағбан», «Қоштасу әні» әндері шырқалды. Асылым Сәкенқызы «Әже» әнімен ата-аналармен, балаларға мерекелік көңіл кдомсыйлады.
Ертеңгілік соңында балабақшамыздың меңгерушісі Кулпеисова Карлыгаш Казкенқызы құттықтап, әр баланы марапаттады.