Ғарыш кемесі » ГККП "Ясли сад №126"
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №126»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Заведующий :
+7(727) 224-55-26
Методист:
+7(727) 224-55-26
Версия для
слабовидящих
12
апрель
2021

Ғарыш кемесі

№126 бөбекжай-балабақшаның мектепалды даярлық "Қарлығаш"тобының ұйымдастырылған тақырыптық  оқу қызметінің жоспары

Күні:  12 .04.2021ж.                                                                                                                                Білім беру саласы: Қатынас,Шығармашылық Ашық оқу-қызметіСөйлеуді дамыту, Жапсыру.

Тақырыбы: «Ғажайып  кемесі»

Мақсаты: Балаларға ғарыш,  Байқоңыр ғарыш айлағы туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы түсінік бере отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру. Балалардың байланыстырып сөйлеулерін, көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін арттыру.

Көрнекі құралдар: Суреттер, желім, қайшы зымыранның суреті.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, таныстыру, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын.

Жылулық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жайнай түссін қаламыз

Қайырлы таң,балалар!

Қайырлы таң, апай!

Тәрбиеші:-Балалар, біз қай ғаламшарда өмір сүріп жатырмыз?

Балалар:-Жер- біздің тұрып жатқан мекеніміз, ортақ үйіміз.

Тәрбиеші: Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар?

-Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ма?

-Сендерге ұнай ма? (Балалардың жауаптары)

Мағанда ұнайды. Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Қалай ойлайсыңдар жұлдыз деген не?Олар неге ұқсайды? (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші: Дұрыс, балалар,біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Жарайсыңдар!

(Есік қағылып хат тасушы хатәкеліп береді)

Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы бізге хат келіпті, қане оқып көрейін ішінде не жазылған екен?

-Міне, қызық хаттың ішінде жұмбақтар бар екен, жұмбақтың жауабын тауып көреміз бе?


Жұмбақтар:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады (Күн)

Күндіз бәрі қашады

Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)

Ұшады қанатсыз

Зырлайды аяқсыз (Зымыран)

Көлде жүрген ақ үйрек,

Түнде бар да, күндіз жоқ, (Ай)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Олай болса балалар зымыран, күн, жұлдыз, ай арлығы қайда орналасқан?

Балалар: Аспан әлемінде.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің тақырыптық оқу қызметіміз қызықты болмақ, өйткені біз аспан әлемі, ғарыш туралы әңгімелесетін боламыз. Жерді қоршаған бүкіл дүние -Ғарыш деп аталады екен, Ғарыш әлемі кең байтақ! Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ.Ғарыш әлемінде көптеген ғаламшарлар бар.Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.

-Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар да бар.Мына жұлдыз-Жетіқарақшы деп аталады.Ал мына жұлдыз-Темірқазық.Ал ең үлкен жұлдыз-Күн.Күн-ғарыштың жүрегі, біздің  планеавгустдың жылу көзі.

- Тәрбиеші:Ал ғарышқа кімдер ұшады?

Балалар: Ғарышкер

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар, балалар!Ғарыш әлеміне ұшатын, оны зерттейтін адамдарды  ғарышкер дейміз. Мына суретте ең алғаш ғарышқа ұшқан адам. Ол Кеңес Одағының батыры Юрий Гагарин.Ол 1961 жылы 12 апрельде алғаш ғарышқа ұшты. Сол күннен бастап 12 апрель «Ғарышкерлер күні» деп аталады. Осы ұзақ уақыт ішінде ғарышкерлер ғарышқа ұшып, көптеген зерттеулер жасады. Ғарышқа ұшқан қазақ батыр ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев. Айдын Айымбетов ағамыз да Қазақстан ғарышкері,халық қаһарманы.

(суреттері көрсетіледі)

-Балалар,қане осы ғарышкер ағаларымыз туралы қандай тақпақтар білеміз?

Фатима:

Әубәкіров ағаның,
 Даңқы көкке самғаған,
 Тоқтар аға Гагарин,
 Салған жолды жалғаған,
 Алдияр:

Тоқтар ағам - жан ағам,
 Бұрыннан да ер еді.
 Менің батыр ағадан,
 Аумай қалғым келеді.
 
Хадиша:
 Тоқтар ұшты ғарышқа,
 Талғат болды ғарышта.
 Таңқалдырып қазағым,
 Тағы ұшса ғой Марсқа.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!Ғарышкер болу үшін қандай болу керек?
 Балалар:Денсаулығы мықты,өзі батыл, әрі білімді болуы керек.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,балалар!

«Ұшты-ұшты»ойыны

Тәрбиеші:Балалар,ғарышқа ұшу үшін қандай көлік керек?

Балалар:Зымыран

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, «Зымыран» қажет.Зымыран ұшатын жерді «Ғарыш айлағы» деп атайды. Ғарыш айлағы біздің Қазақстанда Байқоңыр қаласында орналасқан. Барлық зымырандар осы қалада орналасқан ғарыш айлағынан  ұшады.Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?(балалардың жауабы)
 Тәрбиеші:-Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетаны зерттеп ашық аспанда жүреді.Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім. (суреті көрсетіледі)

-Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді?(Балалардың жауабы)
 Тәрбиеші:Ғарышкерлерге әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді.

Дидактикалық ойын: «Жұлдызды аспан әлемі»

Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.  

Шығармашылық жұмыс.Балалар Зымыранды қиып жапсырады.

Қорытындылау. 
 Сұрақ-жауап арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін пысықтау. 
 -Ғарышкер деген кім?
 -Біздер қандай ғаламда тұрамыз? 
 -Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім? 
 -Қазақ елінен ұшқан ғарышкерлер кімдер? 
 -Ғарышқа киетін киімді не деп атайды? 
 -Неге арнайы киім киеді? 
 Күтілетін нәтиже:
 Нені біледі: Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімі туралы; 
 Нені түсінеді: Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан орыс азаматы Ю.Гагарин, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәліметтерді; 
 Нені меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы зымыранмен ұшатындығын, олардың арнайы киімдерінің болатындығын.









Похожие публикации:

17 ноябрь 2020 Қимылды ойындар
13 март 2019 ОУД.
13 март 2019 ОУД.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив