Келді міне жаңа жыл!
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа
жыл қайталанбас таңғажайып мереке. Балабақшада 2022 жылы 26- 27 декабрьда жаңа жылдық мереке өтті. Мерекеге аяз-атамен ақшақар ,орман аңдары қоян,аю,қасқыр, түлкі қонаққа келіп балалармен бірге көңілді кеш өткізді. Балалар мерекеге дайындық жасап жаңа жылдық костюмдерін киіп өнерлерін өрнектеп ортаға салды. Олар тақпақтар жаттап ән де шырқады, биде биледі.
«Келді міне жаңа жыл», «Шырша жыры», «Көңілді қыс» әндерін орындады
«Шырша биі», «Қояндар биі», «Ақшақар биі»,"Сәбіздер" «Сырғанақ»билерін биледі.
Ойын : «Үскірік»
Аяз атамен бірге ойнаған ойынға балалар қызыға қатысыты. Ойын барысында «Қырау» дегенде отырады, «Мұз» дегенде тұрады, «Шырша» дегенде шапалақтайды. «Ақшақар» дегенде айналады.
Мерекеден қоян мен аю да құр қалмады.
Қоян: Қоянмын мен ақпын
Құлағым ұзын сақпын,
Ытқып,ытқып секіріп,
Келдім алыс жақтан
Аяз ата сыйлығын,
Табыстауға жақпын
-Қош келдің қоян, жаңа жыл құтты болсын.
Балалар қоянмен бірге сәбіздер биін биледі. Ал аюмен бірге «қар жинау, ойыны ойналды. ата-аналарда риза болып, балалар мәз мәйрам тарқасты.
Жаңа жыл! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы жанымызда болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!