"Келді міне алтын күз"
Күз мерекесі әдеттегідей барлық топтарда ұйымдастырылды. Мерекеге балалар қызығушылықпен қатысты. Ең әуелі сазды әуенмен залға кірген балалар «Күз» әнімен мерекені бастады. Би билеп, тақпақ айтып, әндерде шырқалды.Кішкентай қыздар «Жапырақтар», «Қол шатыр», «Жаңбыр билерін» тербеле биледі.
Мереке барысында Күз ханшайымы балаларға қонаққа келіп олармен бірге ойындар ойнатып балалардың көңілін көтерді.
«Күн мен жаңбыр», «жемістер мен көкөністер», «Кел жеміс жинайық».
Күз ханшайымы балаларға бірнеше жұмбақтар жасырды.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (жеміс)
2. Ащулы қонақ бұл анық,
Тонын шешсе жылыдық (пияз)
3. Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға,
Айналар ұнғада,
Айналар нанғада, (бидай)
Жемістер кейіпіндегі балалар кезекпен «жемістер» туралы тақпақтарын мәнерлеп айтып берді.
Күз ханшайымы риза болып мереке соңында балаларға әкелген себеттегі жемістерін тарту етті.