14
декабрь
2020
"Тәуелсіздік тірегім"
14.12.2020 жылы балабақашада Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік- тірегім» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Балалардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған мереке бүлдіршіндерге жақсы әсер қалдырды. Туған жер туралы тақпақтарын оқыды,билерін биледі. Ұлттық ойындар ұйымдастырып өнерлерін көрсетті. Мерекені атап өту балалар мен бүлдіршіндер үшін үлкен мерекелердің бірі болды



