12 апрель Ғарышкерлер күні » ГККП "Ясли сад №126"
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №126»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Заведующий :
+7(727) 224-55-26
Методист:
+7(727) 224-55-26
Версия для
слабовидящих
» » » 12 апрель Ғарышкерлер күні
12
апрель
2021

12 апрель Ғарышкерлер күні

Оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы:Ғарыш әлемі.

Мақсаты: Балаларды ғарыш әлемімен таныстыру.   Ғарышкерлер туралы мәлімет беру арқылы ғарышкерлерге деген сый-құрметтерін нығайту.Балаларға ойын ойнату, тақпақ жаттату арқылы қимыл-қозғалыстары мен тілдерін дамыту.

Көрнекілігі:Ғарыш әлеміне байланысты суреттер.

Мотивациялық қозғаушылық        

Шаттық шеңбер:

Сәлем саған Жер анам!

Сәлем саған алтын Күн!

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Көргеніме қуанам!       

Балалар іс-қимылмен қайталайды.

Тәрбиеші:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем

-Ал көктемнің қай айы?

- Апрель айы

12апрель ғарышкерлер күні,осы мерекеге орай бүгінгі біздің  өтетін тақырыптық  оқу қызметіміз  «Ғарыш әлемі» деп аталады.

-Балалар ғарыш әлемін біз қалай түсінеміз? «Аспан әлемі» таныстыру 

Ғарышқа ұшатын адамды кім деп атаймыз?

-Ғарышкер.

-Балалар ғарышқа не үшін ұшады білесіңдерме?

-Дұрыс аитасыңдар! Аспан әлемін ,ғаламшарларды, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.

Ең бірінші болып ғарышқа Ю.Гагарин ұшқан. Ол Рессейлік ұшқыш.

 Ал қазақ жерінен Т.Әубәкіров,Т.Мусабаев, А. Айымбетов ағаларымыз ғарышқа барып қайтқан.Олар еліміздің батырлары,қаһармандары.

-Ал енді айтыңдаршы,ғарышқа немен ұшады?

Дұрыс.Ғарыш          кемесімен ұшады.

Ал мынау біздің «Байқоңыр ғарыш айлағы»

Біздің Искандер Байқоңыр туралы тақпақ айтып берем дейді.

Көкпен жерді жалғаған      Искандер

Космодром Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоңыр!


Сергіту сәт:

Қане қанат жасайық,

Зымыранға ұқсайық.

Зымыран боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

Балалар ғарышкерлер ғарышта жүргенде сытқа шығады ма?

Дұрыс айтасыңдар,себебі олар сыртта зерттейтін жұмыстары болады.

Бірақ аспанда ауа жоқ,ыстық болғандықтан оларға арнайы киім көмектеседі екен.Оны скафандр деп атайды.

Ойын: «Ғарыш әлемі»

Балалар жұптасып берілген тапсырма бойынша зымыранның суретін жапсырып, жарысады. 

Балаларды мақтау, мадақтау.

Балалар ғарышкер болу үшін білімді, ақылды,денсаулығымыз мықты болу керек екен.Енді балаларымыздың тақпағын тыңдайық:


Әмір:

Тоқтар менен Талғат,

Ғарышқа ұшты самғап.

Ел мерейін өсірді,

Көк пен жерді жалғап.

Ахметали:

Аспан аспан арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын!

Ғарышкер мен де боламын,

Боламын десем, боламын.

Сафия: 

Ғалым болам десеңіз,

Білімді жина басынан.

Ғарышқа ұшам десеңіз,

Шынықтыр дене жасыңнан.


- Балалар бүгін біз не жайында сөлестік? Сабақ сендерге ұнады ма? Қазақ ғарышкерлері кім екен?

Балаларды сабаққа белсенді қатысқандары үшін мақтау, мадақтау.

         















Похожие публикации:

12 апрель 2021 Ғарыш кемесі
17 ноябрь 2020 Қимылды ойындар
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив