" Балаларды қорғау күніне" арналған мереке
2025 жылдың 02 июнь күні сағат 10:00 де КМҚК «№126 бөбекжай балабақшасы» жұмыс жоспарына сәйкес «Балаларды қорғау күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс шараға бүлдіршіндер, педагогтер және ата-аналар қатысты.
Іс-шараның мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Балабақшаның ауласында алдымен балаларға арналған тәттілер таратылып фуршет жасалды. Мерекелік іс-шара барысында балалар би билеп, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті.
«Әрқашан күн сөбесін» әні хормен айтылды.
Қыздар «Ариба» әніне флешмоб билеп өз өнерлерін көрсетті.
Мерекелік іс-шара аясында отбасылық спорттық жарыс ұйымдастырылды. Бұл спорттық жарысқа ересек «Жұлдыз» тобының ата-аналары қатысты. Спорттық жарысқа 3 отбасы қатысты. Спорттық жарыс 4 кензеңнен тұрды. Алғашқы кезең таныстыру. Екінші кезең кедергілерден қаппен жүгіру. Үшінші кезең суды төкпей келесі ыдысқа құю. Төқртінші кезең домтапсырмасы. Яғни, ата-аналар өз өнерлерін көрсетті. Бірінші отбасы домбырамен ән айтса келесі отбасы Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа айтты.
Мерекелік іс-шара барысында балаларға түрлі түсті борлар арқылы сурет салу кезеңі де өткізілді.