"Ұлыстың ұлы күні-Наурыз" тақырыптық сабақ
18.04. 2024 жылы балабақшада «Ұлыстың ұлы күні» наурыз мерекесін түсіндіру мақсатында топтарда тақырыптық сабақтар өтті.Ұлыс күні қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті, киелі деп саналған. Халық тазқа және ұлттық киімдерін киіп бір бірімен қол алысып амандасып, төс қағысып жақсы тілектер айтты.
Бүгінде қазақтың салт дәстүрлері «Бесікке салу», «Тұсау кесер» көрсетті. Ұлттық ойындар: «Қыз қуу», «Күш сынасу», «Қыз қуу» ойындары ойнатылды.Әуендете орындаған әндер, тамылжыта билеген билер балалардың көңілдерін көтеріп тастады.
Бесік - нәрестені бөлеуге арналған, көшпелі халықтың тұрмысында аналар үшін қажетті, қолайлы жабдық (төсек). Баланы бесікке бөлеудің өз амал-тәсілдері, ырым-тыйымдары болады. «Балдырған» тобының бүлдіршіндері бесікті аластаудың маңыздылығын, оның жабдықтары мен олардың қажеттіліктерін, бесік жырын айтудаға пайдаларға тоқталды. Мұның барлығын жай ғана баяндап қоймай, көпшілікке түсінікті болу үшін сахналық көрініс ретінде көрсетті.
Тұсаукесер – сәбидің өмір сапарының алды. Сәби еңбектенуден өтіп, тәй-тәй басып, алғашқы қадамдарын жасай бастаған кезде әр ата-ана "балам, тез жүріп кетсін" деген ниетпен келешегіне ақ жол тілеп, тұсауын кеседі.
Қазақ сәбидің тұсауын "көбейіп, көгере берсін" деп көк шөптен де есіп жасаса, "бай болсын, тоқ болсын" деген тілекпен малдың тоқ ішегінен де өрген. Бірақ көбіне "біреудің ала жібін аттамасын, өзгенің мал-мүлкіне, дүниесіне көз тікпесін, қол сұқпасын" деген тілекпен ақ пен қара жіпті айқастыра отырып, ала жіп дайындаған.
Соны
мен бірге балалар ұлттық тағам «Наурыз көже» туралы да түсінік алды. Әр топта өзгеше ұйымдастырылған тақырыптық сабақтар өз деңгейінде өтті.