Материалы за Октябрь 2024 года » ГККП "Ясли сад №126"
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №126»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Заведующий :
+7(727) 224-55-26
Методист:
+7(727) 224-55-26
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Октябрь 2024 года
"Мен Отанның бақытты ұланымын"
25
октябрь
2024
"Мен Отанның бақытты ұланымын"
25 октябрь-Республика күніне орай  «Мен Отанның бақытты ұланымын!» тақырыбында балабақшада ертеңгілік өтті.  Мақсаты:  Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыра отырып, достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. 25 октябрь-Республика күніне арналған ертеңгілікке балалар қызығушылықпен қатысты.  Балалардың бірі Отан туралы ән айтып, келесілері мерекеге орай тақпақ айтып шараны
Сенбілік
19
октябрь
2024
Сенбілік
Сенбілік - тазалық таразысы. Октябрь айының он тоғызыншы жұлдызында жалпы қалалық сенбілік өтті.  Осы орайда № 126 бөбекжай – балабақша  ұжымы да сенбілікке қатысты.  Мекемеміздің ауласы қоқыстардан тазартылды.  Өз ауламызды, айналамызды таза ұстау - баршамыздың міндетіміз!
"Алтын күз"
17
октябрь
2024
"Алтын күз"
Октябрь айының он жетінші  жұлдызында «Көгершін» тобында «Алтын күз» ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікке ата – аналар қатысты. Іс – шара көңілді, әсерлі болды. Балалар тақпақтарын айтып, «Жаңбыр», «Қызыл,сары жапырақ», «Күздің күні қандайды»  әндері  шырқалды. «Саңырауқұлақтар», «Бүлдіргенге барамыз» билерін биледі. «Көкөністер мен жемістер жинау» ойынын ойнады.   
"Алтын күз"
17
октябрь
2024
"Алтын күз"
Октябрь айының он жетінші  жұлдызында «Қарлығаш» тобында «Алтын күз» ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікке ата – аналар қатысты. Іс – шара көңілді, әсерлі болды. Балалар тақпақтарын айтып, «Келді міне Алтын күз», «Сары алтын күз» «Күзім көңілді» әндері  шырқалды. «Лента» биін биледі. 
"Алтын күз"
15
октябрь
2024
"Алтын күз"
Октябрь айының он бесінші жұлдызында «Жұлдыз» тобында «Алтын күз» ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікке ата – аналар қатысты. Іс – шара көңілді, әсерлі болды. Балалар тақпақ айтып, әндер шырқады. Қыздар «Қолшатыр» биін, ұлдар «Бақалар» биін биледі.