Материалы за Наурыз 2025 года » ГККП "Ясли сад №126"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№126 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 224-55-26
Әдіскер:
+7(727) 224-55-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2025 года
8 наурыз мерекесі
06
наурыз
2025
8 наурыз мерекесі
8 наурыз қарсаңында балабақшада аналарға арналған ертеңгіліктер өтті. Бүлдіршіндеріміз би билеп, әндерін шырқады.Кіші «балдырған»тобы «Анамызға көмек» әнін орындады.  «Сылдырмақ», «Көбелектер» биін биледі. Көктем аруы келіп балалармен «Гүл шоқтарын жина» ойындарын көңілді ойнады.Балалар ойынға  қызығушылықпен қатысты. Олар шашылған гүлдерді себетке жинауға тырысты. Ортаңғы «Көгершін» тобы ертеңгілікті «Айналайын ақ мамам» атты ертеңгілікпен бастады. Әсерлі әуенмен ару көктемі келіп аналар мен
Ертеңгілік " Айналайын ақ мамам"
06
наурыз
2025
Ертеңгілік " Айналайын ақ мамам"
КМҚК "№126 бөбекжай - балабақшасы Ортаңғы "Көгершін" тобында наурыз айының алтыншы жұлдызында "Айналайын ақ мамам" атты ертеңгілік өтті. Аналарымыздың мерекесіне арналған ертеңгілікте балалар өнерлерін көрсетті. Ән мен би, ойын ойнады. Аналарымызға мерекелік көңіл - күй сыйлады. Ертеңгілікке келген аналарымыз балаларымыздың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын алып, керемет сезімде болды.  
Ертеңгілік "Аялаған - ақ анам" Мектепалды "Қарлығаш" тобы
06
наурыз
2025
Ертеңгілік "Аялаған - ақ анам" Мектепалды "Қарлығаш" тобы
КМҚК "№126 бөбекжай - балабақшасы Мектепалды "Қарлығаш" тобында "Аялаған -ақ анам" атты ертеңгілік өтті.  Ертеңгіліктің мақсаты: Мерекелік көңіл - күй құру, ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. 
Ересек "Жұлдыз" тобы  "Ана біздің күніміз" атты ертеңгілік
04
наурыз
2025
Ересек "Жұлдыз" тобы "Ана біздің күніміз" атты ертеңгілік
КМҚК "№126 бөбекжай - балабақшасы Ересек "Жұлдыз" тобында "Ана біздің күніміз" атты ертеңгілік өтті.  Ертеңгіліктің мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,ананы құрметтеу, сыйлай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке,ізгілікке,достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Ертеңгілікте балаларымыз аналарына арналған өнерлерін көрсетіп, өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын беріп тәнті етті. 
Ертеңгілік "Аяулы - анашым" кіші "Балдырған" тобы
04
наурыз
2025
Ертеңгілік "Аяулы - анашым" кіші "Балдырған" тобы
КМҚК " №126 бөбекжай - балабақшасы Кіші "Балдырған" тобында наурыздың төртінші жұлдызында "Аяулы - анашым" атты ертеңгілік өтті.  Ертеңгіліктің мақсаты: Аналар мерекесімен бірге бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу.  
"Алғыс айту" күні кіші "Балдырған" тобы
03
наурыз
2025
"Алғыс айту" күні кіші "Балдырған" тобы
1 наурыз – Алғыс айту күнімен кіші "Балдырған" тобы балапандары құттықтайды. 
"Алғыс айту" күні  мектепалды "Қарлығаш" тобы
03
наурыз
2025
"Алғыс айту" күні мектепалды "Қарлығаш" тобы
1 наурыз – Алғыс айту күнімен   мектепалды "Қарлығаш" тобы балалары ата - аналарына ақ тілектерін қағазға жазып,шексіз алғыстарын білдірді.  Балаларымыз ата - аналарына мерекелік көңіл - күй сыйлады.
"Алғыс айту" күні ортаңғы "Көгершін" тобы
03
наурыз
2025
"Алғыс айту" күні ортаңғы "Көгершін" тобы
Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл күн – бейбітшілік, ынтымақ күні, Қазақстан халықтарының бір-біріне деген құрмет пен ризашылық танытатын, жалпыхалықтық мейрамы. Өткен тарихымыз бен адамгершілік, қайырымдылық, жақсылық жасау сияқты, ата-бабамыздан мирас болған дәстүрлерімізді, алғыс білдіру мәдениетін жаңа сипатта, жаңғырған түрде білдірудеміз.
"Алғыс айту" күні  ересек "Жұлдыз" тобы
03
наурыз
2025
"Алғыс айту" күні ересек "Жұлдыз" тобы
Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке - Алғыс айту күні. Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.   Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Алғыс